Өскеменде Қыдыр ата үйі ашылды

Резиденция Кыдыр ата распахнула свои двери в Усть-Каменогорске
Фото: ШҚО әкімдігі

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін нағыз мереке ұйымдастырылды. Облыстық музей-қорықтың Сол жағалау кешенінде қала тұрғындары Наурыз мерекесін тойлады.

Мерекелік концерт Шығыс Қазақстанның солистері мен шығармашылық ұжымдарының қатысуымен өтті. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Абдуллин қонақ болған. 

Барлық келушілер музей-қорықта сақталған бірегей жәдігерлермен таныса алды. Ал көрме-жәрмеңкеде сәндік-қолданбалы өнер шеберлері өз өнімдерін ұсынды. 
Ересектер мен балалар садақ ату, арқан тартыс секілді спорттық жарыстарға қатысты және «Асық» ойынын ойнады.

ШҚО әкімі Ермек Көшербаев қала тұрғындарын көктемнің басты мерекесімен құттықтады. Өңір басшысы Наурыз мейрамының әр күні ерекше екенін атап өтті.

Резиденция Кыдыр ата распахнула свои двери в Усть-Каменогорске
Фото: ШҚО әкімдігі

Мерекенің басты оқиғасы – Қыдыр ата резиденциясының ашылуы болды. Резиденция ұлттық стильде жабдықталған, бұл қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерінің бай әлемімен танысуға мүмкіндік береді.

«Қыдыр ата – 22 наурызға қараған түні әр үйге бақыт пен молшылық әкелетін мифтік кейіпкер, - деді ШҚО мәдениет басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжанов. - Барлық адамдар оны асыға күтеді, мерекелік дастархан жасайды. Облыс тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтаймын».

Барлық тілек білдірушілер Қыдыр атаға хат жазды. Ерекше қажеттіліктері бар жас қонақтарға сертификаттар мен тәтті сыйлықтар табыс етілді. Әрине, ең маңызды сыйлық көктемгі көңіл-күй болды.

заслуженный деятель Республики Казахстан Нурлан Абдуллин
Фото: ШҚО әкімдігі

«Наурыз – жаңарудың, бейбітшілік пен жақсылықтың мерекесі. Бүгін керемет көңіл-күй орнады, бәріміз көктемнің басталуына шын қуаныштымыз. Баршаңызға денсаулық, бақыт тілеймін, мол дастархан тек қана жақсылыққа жайыла берсін!», - деп бөлісті Өскемен қаласының тұрғыны Светлана Шмурыгина.

Соңғы жаңалықтар