Өскеменде көлік алмақ болған әйел алаяққа 900 мың теңге берген
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскемендегі Солжағалау полиция бөлімшесіне 37 жастағы шаһар тұрғыны келген.
Ол наурыз айының соңында танысы өз автокөлігін сататынын айтып, алдын ала төлем ретінде 900 мың теңгеге жуық ақша сұрағанын жеткізді.
Ойына еш секем алмаған әйел аталған соманы бере салған.
«Жедел-іздестіру шараларын қолға алған тәртіп сақшылары Ұлан ауданының 32 жастағы тұрғынын қолға түсірді. Жауап алу барысында ер адам кінәсін мойындады», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Осы ретте ШҚО полиция департаменті өңір жұртшылығына қаржылай келіссөздер жүргізген кезде барынша абай болу қажеттігін ескертеді.