Өскеменде көлік түтіні ауадағы зиянды шығарындылардың 50%-дан астамын құрайды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Экологтар Өскемен қаласында ауадағы зиянды шығарындылардың 50%-дан астамы көліктердің түтіні деген қорытындығы келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

ШҚО Экология департаментінің мәліметіне сүйенсек, Өскеменде ауаның негізгі ластаушысы зауыттар емес, көліктер болып шықты. Соған орай экологтар зиянды шығарындыларды азайту үшін қоғамдық көлікті бензиннен газға ауыстыруды ұсынды.

Қала бойынша бір жылдағы жалпы зиянды шығарындылар 164 369 тоннаны құрайды. Оның ішінде көлік шығарындылары – 90 031 тонна (56,7%), зауыт, кәсіпорын шығарындылары – 54548 тонна (34,3%), шағын және орта бизнес қазандықтарының шығарындылары – 5 690 (0,2%), тұрғын үйлердегі пеш шығарындылары – 14100 тонна (8,8%).

«Шаһарда автокөлік көп. Қоғамдық көліктер де ескі. Биыл 200 автобусты ауыстыру көзделген болатын. Алайда бұл жоспар әзірге іске аспай жатыр. Сондықтан барлық автобустарды бензиннен газға ауыстыру жайлы ұсыныс жасалды. Газ арзан әрі экологиялық тұрғыда зияны аз», - дейді департамент басшысы Данияр Әлиев.


Соңғы жаңалықтар