Өскеменде көлік қағып кеткен әйел ауруханада көз жұмды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқыс оқиға 12 маусым күні кешкі уақытта Жібек маталар комбинаты ықшам ауданында болған. Марқұм жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткен.

пациент
Фото: Pexels

«Есенберлин даңғылында Lada Priora маркалы автокөлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ауыр жарақат алған әйел шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізілді», - делінген ақпаратта.

Ол бірнеше сағаттан кейін ауруханада көз жұмған. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. 

Еске салсақ, бұған дейін Өскеменде рөлге ие бола алмай қалған көлік жүргізушісі ағашқа соғылып, сол жерде көз жұмғаны хабарланған. 

Соңғы жаңалықтар