Өскеменде көпқабатты үйдің жертөлесінен ер адамның мәйіті табылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында көпқабатты үйдің жертөлесінен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өскеменде көпқабатты үйдің жертөлесінен ер адамның мәйіті табылды

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 3 қыркүйек күні қалалық ПБ Үлбі бөлімшесіне Шәкәрім даңғылындағы көпқабатты тұрғын үйлердің біріндегі подъез ішінде мәйіттің иісі шығып тұрғаны жайлы хабар түскен.

«Оқиға орнына тәртіп сақшылары шұғыл аттанды.Тексеру барысында жертөледен 63 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Мәйітте көзге көрінетін дене жарақаттары жоқ. Қазіргі уақытта бірқатар сараптама тағайындалған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Өлімнің нақты себебі сараптамалар нәтижесінен кейін белгілі болады.