Өскеменде күдікті сөмке табылып, жол жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше кешкісін Шығыс Қазақстан облысының орталығында Тәуелсіздік даңғылының учаскесі жабылды, деп хабарлайды YK-news.kz.

Өскеменде күдікті сөмке табылып, жол жабылды

Кешке қарай Тәуелсіздік даңғылының бойында салынып жатқа жерасты жүргіншілер өткелінен Ушанов алаңына дейінгі бөлікте көлік қозғалысы шектелді. Куәгерлердің айтуынша, алаңға қарай бет алған автобустар Ғарыш көшесімен айналуға мәжбүр болған.

Жолдың бұл бөлігін полицейлер бір сағат бойы қоршауға алған.

«Полицейлерге иесіз жатқан сөмке туралы қырағы қала тұрғыны хабарласты. Сол жерде біздің мамандар жұмыс істеді. Сөмкеден қауіпті ештеңе табылған жоқ», - деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметінен.