Өскеменде құтқарушылар су басқан саяжай аумағына бақылау жүргізіп жатыр

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласының құтқарушылары су басқан саяжай қоғамдастығында бақылау жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өскеменде құтқарушылар су басқан саяжай аумағына бақылау жүргізіп жатыр

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар мен жергілікті атқарушы орган өкілдері су басқан «Солнечная долина» саяжай қауымдастығындағы жағдайды бақылауды жалғастыруда.

26 наурызда департамент мамандары мен Өскемен қалалық әкімдігінің қызметкерлері жол талғамайтын көлікпен саяжай аумағын аралап шықты.

Комиссияның шешімі бойынша Аблакетка өзенінде мұз жару жұмысын жүргізудің қажеті жоқ.

Қазіргі уақытта аталған өзендегі су деңгейі 282 см құрайды. Ал шекті деңгей – 420 см.

«Жағдай қалыпты. Десе де қардың еруіне байланысты өзен суы кей жерлерде жағадан шығып кетіп жатыр. Жергілікті атқарушы органдар мен ТЖД құтқарушылары тәулік бойы бақылау жүргізуде» делінген хабарламада

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскеменде 31 үйді су басқанын хабарлаған болатынбыз.