Өскеменде маршруттық автобус апатқа ұшырады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменнің Аблакет ауданында жолаушы автобусы көлікке соғылып, жолдан шығып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өскеменде маршруттық автобус апатқа ұшырады

Маршруттық автобус қарсы бағытқа шығып кетіп, «Волга» көлігіне соғылған. Автобустың бірталай бөлігі бүлінген. Әзірге онда болған ждолаушылар зардап шеккен жоқ деген мәлімет бар.

Апат орнында полиция мен төтенше жағдай мамандары жұмыс істеуде.