Өскеменде мектептегі есепшілер 120 млн теңге жымқырды деген күдікке ілікті

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласындағы мектеп есепшілері 120 млн теңге жымқырды деген күдікке ілікті. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қаржы
Фото: Kazinform

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Өскемендегі мектептің 2 есепшісіне қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. 

«Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының екі есепшісі алдын ала сөз байласып 120 миллион теңге көлеміндегі бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілікті», - деп хабарлады Антикордан. 

Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, есепшілер бес жыл бойы өз шоттарына жоғарылатылған жалақы мен басқа да төлемдерді аударып отырған.

Еске салсақ, осыған дейін ШҚО-дағы аурухана мемлекеттік сатып алу порталында әдейі қателік жіберіп келгені хабарланған.