Өскеменде мемлекетке қайтарылған активтер есебінен гематология орталығы ашылды
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында гематология орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Нысанның құрылысы прокуратура органдары қайтарған қаражат есебінен аяқталды.
Іс-шараға Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов, Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі қызметінің бастығы Нұрдәулет Сүйіндіков, сондай-ақ өңір тұрғындары қатысты.
Жалпы ауданы 38 мың шаршы метрболатын заманауи кешен 148 төсектік стационардан және 24 орындық пансионаттан тұрады.
Орталық өңірдің 720 мыңнан астам тұрғынына, ал жекелеген бағыттар бойынша еліміздің барлық азаматтарына медициналық көмек көрсете алады.
Қан аурулары мен онкологиялық патологиялардың ауыр түрлеріне шалдыққан пациенттер диагностикадан бастап сүйек кемігін трансплантациялау мен оңалтуға дейінгі жоғары технологиялық ем ала алады.
Айта кетелік заңсыз активтерді шығару қай салада жиі байқалатыны туралы жазған едік.