Өскеменде Наурыз мейрамында балалар автобуста тегін қатынайды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында Ұлыстың ұлы күнінде балалар қоғамдық көлікпен тегін жүреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өскеменде Наурыз мейрамында балалар автобуста тегін қатынайды

Қалалық Жолаушылар тасымалын басқару орталығының мәліметіне сүйенсек, Наурыз мейрамында 18 жасқа толмаған балалар автобустарда, шағын автобустар мен трамвайларда еш ақысыз тасымалданады. Акция 42 қалалық бағыттағы қоғамдық көліктерде жүреді.

«Атап айтқанда, №10, 5, 12, 17, 33, 42, 53, 67, 351, 71, 7, 27, 38, 47, 3, 13, 14, 24, 46, 58, 60, 352, 356, 2, 6, 6Б автобустары, №261, 262, 357, 224, 250, 256, 228, 229, 230, 246, 253, 255, 260, 260А шағын автобустары балалар үшін тегін қатынайды. Сондай-ақ №1, 3 және 4 бағыттағы трамвайлар кәмелеттік жасқа толмаған жолаушылардан ақы алмайды», - делінген ақпаратта.