Өскеменде облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері сотталды

АСТАНА. KAZINFORM - Өскемен қаласының соты облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлеріне қатысты үкімді жариялады, деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқрлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

сот
Фото: Мұхтар Холдорбеков / Kazinform

№17 мекеме бастығының бұрынғы орынбасары мен аға инспектор жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы тұрғын үй комиссиясына әдейі жалған мәліметтер беру арқылы 5,8 млн теңге көлеміндегі қаражатты ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды.

Оларға 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру және мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік секторда лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды.

«Сотталғандар әділет майоры мен лейтенанты арнайы атақтарынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді»,-делінген хабарламада.

Айта кетейік, Антикор биыл жемқорлық жайлы хабарлаған азаматтарға 14,7 млн теңгеге дейін сыйақы береді.

 

Соңғы жаңалықтар