Өскеменде өрт шарпыған пәтерден ер адам құтқарылды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында өртенген пәтерден 1979 жылғы ер адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Севастопольская көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің үшінші қабатында өрт шыққан. Куәгерлер бірден өрт сөндірушілерге хабар берді.

«Оқиға орнына келіп жеткен құтқарушылар пәтерге үш иінді баспалдақпен көтерілді. Залда жиһаз және жеке заттарды қызыл жалын шарпыған. Құтқарушылар жалпы ауданы 7 шаршы метрді шарпыған өртті өшірді. Жатын бөлмеден өрт сөндірушілер 1979 жылғы ер адамды тауып, сыртқа алып шыққан. Өрт болған жерден оны жедел жәрдем қызметкерлері бірінші қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізді», - делінген хабарламада.

Өрттің шығуына отты абайсыз пайдалану себеп болды. Нақты айтқанда, сөндірілмеген темекі тұқылынан диван жанған.


Соңғы жаңалықтар