Өскеменде өртте екі адам көз жұмды

АСТАНА. 13 ақпан. ҚазАқпарат - 12 ақпан күні таңертеңгі сағат 10.30-да Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының Кривоносов көшесінде орналасқан жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты.

Өскеменде өртте екі адам көз жұмды

Бұл туралы ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметінен хабарлады. 

Өрт сағат 12-ден 12 минут кеткенде сөндірілді. Жалынды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің жеке құрамының 14 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Жалын шарпыған аумақ 4 шаршы метрді құрады. Өрттің салдарынан 49 жастағы ер адам мен 70 жастағы әйел қаза болды.