22:43, 31 Наурыз 2022 | GMT +5
Өскеменде отбасылық зорлық-зомбылық 34,8%-ға азайды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында отбасылық зорлық-зомбылық 34,8%-ға азайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция басқармасы баспаөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау мақсатында бірқатар жұмыс атқарылуда. Тұрақты негізде жедел алдын алу шаралары қолға алынып, халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
«2022 жылдың басынан бері тұрғындардың отбасылық-тұрмыстық қатынастарға қатысты 450 арызы қаралды. Өткен жылы 690 арыз тіркелген. Яғни, бұл көрсеткіш 34,8%-ға төмендеп отыр», - дейді басқарма бастығы Андрей Мула.
Жедел алдын алу шараларын жүргізген тәртіп сақшылары отбасылық-тұрмыстық жанжал фактілері бойынша 995 қорғау нұсқамасын шығарған. Барлық азаматтар ішкі істер органына есепке қойылды.