Өскеменде полицейлер ардагердің ұрланған орденін қайтарды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде полицейлер ардагердің ұрланған мемлекеттік орденін өзіне қайтарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ШҚО Ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.

«17:00 шамасында «102» нөміріне Өскеменнің 52 жастағы тұрғыны хабарласып, пәтерінде ұрлық болғанын айтты. Оның сөзіне қарағанда, 15:45-16:30 аралығында белгісіз біреулер әкесінің жеке үйіне терезеден кірген. Екінші қабатқа көтеріліп, жатын бөлмеден «Құрмет» орденін қолды еткен», - дейді ІІД өкілдері.

Полиция бір сағаттың ішінде құқықбұзушының тұлғасын анықтады. Бұрын осы тақылеттес қылмыстық әрекеттері үшін сотталған 32 жастағы Өскемен тұрғыны ұсталды. Ол өз айыбын мойындаған.

Өскеменнің 76 жастағы тұрғынына тиесілі «Құрмет» ордені иесіне қайтарылды.

Қазір осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар
telegram