Өскеменде Сағадат Нұрмағамбетовке ескерткіш орнатылды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының тұңғыш қораныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовке ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Жібек маталар комбинаты ықшам ауданында Сағадат Нұрмағамбетов атындағы саябақ ашылып, батырға ескерткіш орнатылды.
«Мұндағы мақсат - ұлт қаһарманының есімін ел жадынан өшірмеу. Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі түрлі қиындықтарға қарамастан, еліміздің қарулы күштерінің техникалық базасының іргетасын қалады. Бұл саябақтың қаланың тағы бір көрікті жеріне айналатыны сөзсіз», -деді ашылу салтанатында шаһар басшысы Жақсылық Омар.
Оның айтуынша, саябақтың жалпы ауданы – 1,5 гектар. Қақ ортасында гранит тастан Сағадат Нұрмағамбетовтің ескерткіші тұғырға қонған. Мүсіннің биіктігі 3,6 метр, тұғыры 4,8 метр.
Саябақта отбасылық демалыс үшін барлық жағдай жасалған. Төрт субұрқақ іске қосылды. Барлығы 7 мүсіндік инсталляция, 48 құмыралы гүл орнатылып, 200-ден астам ағаш отырғызылған.
Фотосуреттерді түсірген – Тілеубек Шаяхмет