Өскеменде сот тұрғын үйдің ақаулары мен кемшіліктерін жоюға міндеттеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан обылысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «Өскемен қаласының құрылыс бөлімі» ММ-і «Дар-Строй» ЖШС-на жұмыстарды орындау міндеттерін жүктеу және мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арызбен жүгінді, деп хабарлайды облыстық сотының баспасөз қызметі.

Өскеменде сот тұрғын үйдің ақаулары мен кемшіліктерін жоюға міндеттеді

Сот тараптар арасында 579,1 млн теңгенің «Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласының 19-шы тұрғын ауданында тұрғын үйлерді салу» объектісі бойынша жұмыстарды орындауға келісім-шарт жасағанын анықтады. Тұрғын үйді салу бойынша жауапкер міндеттерін орындаған.  Нысан 2013 жылдың 12 желтоқсанында қолданысқа берілген.

Үй тұрғындарынан құрылыстың ақаулары мен кемшіліктері бойынша шағым түсуіне байланысты, талапкер байқау актісін жасап, жауапкердің мекен-жайына наразылықтарды жолдаған, алайда жауапкер «Дар-Строй» ЖШС-ы наразылықтарды елеп ескермеген. Наразылықтар мынадай болған: барлық кіреберістерде бетон едендер бұзылған, көптеген терезелерде терезе суағары жоқ, секция арасындағы жарық жылу оқшаулағышпен бөлінбеген, сырт жақтары металдық жабынқышпен бекітілмеген, шатырдан жауын су ағып, пәтердің бесінші қабатына өтіп кетіп, соның салдарынан пәтерлерде дымқыл және сары дақтар пайда болған, үй жанындағы төсеніш жартылай бұзылып, жаңбыр кезінде су үйдің жертөлесіне өтіп, нәтижесінде жертөле іші дымқыл және зең басып кеткен.

Істің материалдарын зерттеп, сот «Дар-Строй» ЖШС-ын жобалық -сметалық құжаттамаға сәйкес, шатырға байланысты келесі жұмыстарды: температуралық тігістерді минмақтамен жылытуға және металдық жабынқышпен қорғауға, үйдің терезе суағары салынбаған барлық терезелеріне терезе суағарын орнатуға, кіреберіс едендерін тұтастыру бойынша жұмыстарды сапалы орындауға және үйдің төсеніштері бойынша жұмыстарды қайтадан сапалы орындауға міндеттеді.

Сот шешімі заңды күшіне енді.