Өскеменде «Таза Қазақстан» бастамасы аясында жастармен кездесу өтті

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Облыс орталығында «Таза Қазақстан – ортақ іс және ортақ құндылық» тақырыбында жастармен кездесу өтті. 

Өскеменде «Таза Қазақстан» бастамасы аясында жастармен кездесу өтті
Фото: ШҚО әкімдігі

Жиынды Өскемен қаласының Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Кездесуде экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоғамдық жауапкершілікті арттыру және қоршаған ортаны қорғау мәселелері талқыланды.

Өскеменде «Таза Қазақстан» бастамасы аясында жастармен кездесу өтті
Фото: ШҚО әкімдігі

- Экологиялық мәдениетті қалыптастыруда осындай кездесулердің маңызы зор. Бұл мәселелер үнемі талқыланып отырса, азаматтардың экологиялық сауаттылығы да арта түседі. Кездесудің мақсаты - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы жайлы жастармен пікір алмасу, – деді «Қоғамның экологиялық даму орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Тәнір Ясса.

Өскеменде «Таза Қазақстан» бастамасы аясында жастармен кездесу өтті
Фото: ШҚО әкімдігі

Кездесуге еріктілер, студенттер және қаланың белсенді жастары қатысты. Қатысушылар «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар, табиғатты ұқыпты пайдалану және жастардың экологиялық бастамаларға белсенді қатысуы жөнінде пікір алмасты.

Өскеменде «Таза Қазақстан» бастамасы аясында жастармен кездесу өтті
Фото: ШҚО әкімдігі