Өскеменде төртінші қабаттан құлаған 5 жасар бала көз жұмды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласында көпқабатты тұрғын үйдің төртінші қабатынан құлап кеткен бала мерт болды. 

Өскеменде төртінші қабаттан құлаған 5 жасар бала көз жұмды
Фото: UHA/Kazinform

Әзірге баланың нақты қалай құлағаны белгісіз.

– 5 жасар баланың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Жыл басынан бері облыс бойынша 5 бала терезеден құлап кеткен. 

– Осындай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін терезелерге арнайы қорғаныс құрылғыларын орнату қажет. Москит торы қорғаныш бола алмайды. Балаларды үйде жалғыз қалдырмауға, терезе маңында жалғыз жүргізуге болмайды, - деп ескертті облыстық төтенше жағдайлар департаментінен. 

Еске салсақ, осыған дейін Петропавлда мүгедектігі бар 9 жасар қыздың терезеден құлағаны хабарланған.