Өскеменде Toyota аударылып қалды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде таңғы сағат 5.00 шамасында Toyota көлігі аударылып, ішінде болған 2 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Өскеменде Toyota аударылып қалды

Белинский көшесінен Тәуелсіздік даңғылына бағыт алған 35 жастағы жүргізуші көлік тізгінінен ие бола алмай, жолдың шетіне шығып кеткен. Салдарынан көлік аударылып, жанындағы жолаушымен бірге орта дәрежедегі жарақат алды. Аударылған көлік арнайы тұраққа қамалды.

«Көлік апаты бойынша соталды тергеу жүргізіледі. Қылмыстық кодекстің 345-бабының 2- тармағына сәйкес тексеру басталды» - делінген қалалық ішкі істер басқармасы таратқан ақпаратта.