Өскеменде трамвай жолақысы қымбаттайды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында трамвай жолақысы қымбаттайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өскемен қалалық көлік компаниясы» ЖШС мәліметіне сүйенсек, трамвай жолаушылары үшін 1 тамыздан бастап баға қымбаттайды. Қазір трамвайда көлік картасымен төлем жасағанда немесе Kaspi.kz қосымшасы арқылы QR кодын пайдаланған кезде жолақы 80 теңгені құрайды.

«Келесі айдан бастап трамвайда жол жүру ақысы 90 теңгеге дейін көтеріледі. Баға коммуналдық қызметтердің, атап айтқанда электр энергиясы мен сумен жабдықтаудың қымбаттауына байланысты өзгеріп отыр», - делінген ақпаратта.

Трамвайларда әлеуметтік топқа жататын жолаушыларға арналған барлық жеңілдіктер бұрынғыша сақталмақ.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскеменде тамыз айында трамвайлар уақытша тоқтайтынын хабарлаған едік.


Фото: transphoto.org



Соңғы жаңалықтар