Өскеменде трамвайдың астына түсіп қалған әйел көз жұмды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең трамвай қағып кеткен 75 жастағы зейнеткер бірінші қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде алған жарақатының салдарынан көз жұмды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Бұрын хабарланғанындай, 19 шілде күні 7 сағат 50 минутта Өскемендегі «Электротауарлар» аялдамасында трамвай 75 жастағы әйелді қағы кеткен еді. Зейнеткер №3 бағыттағы трамвайдың соңынан жүріп келе жатқан келесі трамвайдан түсіп, оның алдын кесіп өтпекші болған. Көлік оны бірнеше метрге дейін сүйреп, әйелдің аяғын кесіп кеткен. Оны ауруханаға жеткізген, алайда үш сағаттан кейін әйел көз жұмды. Полиция тергеу жүргізуде, - деп хабарлады өңірлік ІІД-де.