Өскеменде трамвайлар жұмысын тоқтатты

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Электр энергиясын жеткізуші компанияның алдындағы қарызы бастан асқандықтан Өскемендегі трамвай паркі уақытша токтан ажыратылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Шығысэнерготрейд» компаниясы трамвай паркінің иесіне бұған дейін де бірнеше рет ескерту жасаған болатын. Бірақ парктің компания алдындағы қарызы уақыт өткен сайын азаюдың орнына көбейе түскен. Ақыры электр энергиясын жеткізуші компания трамвайларды күндізгі сағат 10.00-17.00 аралығында тоқтату туралы шешім қабылдады.

«Тармвайлардың уақытша тоқтағаны рас. Бірақ оның қашанға дейін жалғасатынын білмейміз. «Шығысэнерготрейд» компаниясы қарыз толық өтелмейінше ток бермейтінін айтып отыр. Қазіргі қарыз мөлшері 75 млн теңге шамасында. Тоқтап қалған трамвайлардың орнына  автобустар шығардық. Олармен жүру ақысы кәдімгі автобустардың бағасына сәйкес. Өйткені, автобус жанармаймен жүреді. Электр қуатымен жүретін трамваймен салыстырғанда шығыны көбірек. Сондықтан бұл мәселеге тұрғындар түсіністікпен қарайды деп ойлаймыз» - дейді Өскемен қаласының жолаушылар тасымалын басқару орталығы директорының орынбасары Ернар Мұстафин.


Фото: yk-news.kz

Соңғы жаңалықтар