Өскеменде тұңғыш рет миға күрделі ота жасалды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемендік нейрохирургтар миына қан құйылған науқасты аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шемонаиха ауданының тұрғыны Светлана Ваганова 19 қаңтар күні облыстық инсульт орталығына түскен болатын. Компьютерлік томография қантамырлардың жарылуы салтарынан миға қан құйылғанын анықтайды. Жарылған тамырлар тереңде жатқандықтан басүйекті ою қауіпті болған. Сондықтан, нейрохирургтар ангиографтың көмегіне жүгінген.

«Отаны басүйекті оймай-ақ жасадық. Соның арқасында қан жоғалту болған жоқ» дейді нейрохирург Дмитрий Недбайло.

Қазір Светлана Ваганова еркін сөйлеп, күле алады. Өздігінен қозғала бастаған. null

«Отадан кейін 3 сағаттан соң ес жидым. Шемонаихада қалған туыстарым қатты алаңдапты. Қыздарым әлі қуанып жүр. Бұл күн өмірімдегі ерекше күн болып қалары сөзсіз» - дейді ол.

Жуықта орнатылған ангиографтың көмегімен орталық мамандары 39 жастағы семейлік жігіттің де өмірін арашалап қалған. Вадим Ткаченко Семейден ауыр халде жеткізіліпті. Зерттеу барысында оның ішкі ұйқы қантамыры бітеліп қалғаны анықталады. Осының салдарынан мидың сол жақ жартышарына қан жүрмей қалған.null

«Мұның соңы ми инфаргына әкеді. Сондықтан мидың сол жақ жарты шарына ота жасап, сыртқы ұйқы қантамырға торап жалғадық. Сол арқылы мидағы қан айналым қалпына келді» - дейді Дмитрий Недбайло.

Ота сәтті өтіп, науқас келесі күні-ақ жүріп кеткен.

Былтыр алынған ангиограф инсульт орталығындағы мамандардың жұмысын әжептәуір жеңілдеткен. Жарты жылдың ішінде 200-ден астам ота жасалыпты. Оған дейін мұндай науқастарды Астана мен Алматыда емделетін.

Соңғы жаңалықтар