Өскеменде турникке тартылу фестивалінің жеңімпаздары белгілі болды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында Tartyl Fest турникке тартылу фестивалінің жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қонаев қаласында бастау алған Қазақстандағы алғашқы турникке тартылу жарысы бүгін Өскеменде өтті.

Фестивальдың ұйымдастырылуына ҚР Президенті жанындағы «Дара» дарындыларды қолдау қоры мұрындық болып отыр.

Өскемен қаласында Қарағандыда 50 рет тартылған Евгений Намның рекордын ешкім бұза алмады.

Бүгінгі күннің үздігі – рекорд иесімен аттас Евгений Созончук 39 рет тартылды. Ол 18-30 жас аралығында 80 келіден жоғары салмақта өнер көрсетті.

Жалпы шаһар бойынша фестивальде 250-ге жуық адам бақ сынады.

Оның ішінде үздік 27 қатысушы марапатталып, қаржылай сыйақы алды.

Жарыс жеңімпаздары

18 жасқа дейінгі (55 келіге дейінгі салмақта) қатысушылар арасында:

1-орын - Мансұр Уалиев (36 рет тартылды)

2 орын - Ислам Сағиев (30 рет)

3 орын - Мейіржан Ермұханбет (25 рет)

18 жасқа дейінгі (55-70 келі аралығындағы салмақта) қатысушылар арасында:

1-орын - Егор Ногин (28 рет)

2 орын - Александр Шарнин (27 рет)

3 орын - Бағлан Хамзаев (25 рет)

18 жасқа дейінгі (70 келіден жоғары салмақта) қатысушылар арасында:

1-орын - Радмир Темірболатов (27 рет)

2 орын - Бекзат Мұратбеков (24 рет)

3 орын - Əли Ерғалиев (19 рет)

18-30 жас аралығындағы (65 келіге дейін) қатысушылар арасында:

1-орын - Елнар Ақылбеков (35) рет

2-орын - Арсений Мироненко (33) рет

3-орын - Ораз Басаров (32) рет

18-30 жас аралығындағы (65-80 келі аралығындағы салмақта) қатысушылар арасында:

1-орын - Сергей Залесков (37 рет)

2-орын - Данил Трухачев (31 рет)

3-орын - Азамат Ермек (29 рет)

18-30 жас аралығындағы (80 келіден жоғары салмақта) қатысушылар арасында:

1-орын - Евгений Созончук (39 рет)

2-орын - Евгений Пименов (27 рет)

3-орын - Азамат Жакупжанов (26) рет

30 жастан жоғары (80 келіге дейінгі салмақта) қатысушылар арасында:

1- орын - Дархан Кесікбаев (38 рет)

2-орын - Мерхат Қабдылмəлік (28 рет)

3-орын - Дмитрий Беляев (25 рет)

30 жастан жоғары (80-90 келі аралығындағы салмақта) қатысушылар арасында:

1-орын - Олжас Сердалиев (36 рет)

2-орын - Александр Майданов (23 рет)

3-орын - Әсет Оралбеков (21 рет)

30 жастан жоғары (90 келіден жоғары салмақта) қатысушылар арасында:

1-орын - Ахмет Терликбаев (24 рет)

2-орын - Вадим Салманханов (17 рет)

3-орын - Әділет Абылғазинов (15 рет).


Соңғы жаңалықтар