Өскеменде түтін басқан дәмханадан 100-ден астам адам эвакуацияланды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында түтін тұмшалаған дәмханадан 110 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өскеменде түтін басқан дәмханадан 100-ден астам адам эвакуацияланды

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін Әуезов даңғылында орналасқан қоғамдық тамақтану орындарының бірі өртенген.

«Белгілі болғандай, тілсіз жау дәмханадағы пештен шыққан. Осының салдарынан 2-6 қабат аралығын түтін тұмшалады. Оқиға орнына шұғыл келіп жеткен құтқарушылар 110 адамды эвакуациялады. Оның ішінде 70 адам дәмханаға келуші болса, 40-ы сол жерде жұмыс істейтіндер», - делінген хабарламада.

Ведомство өкілдерінің дерегінше, қызыл жалын шарпыған жалпы аумақ 6 шаршы метрді құрады. Қазіргі уақытта өрт толықтай сөндірілген. Зардап шеккен ешкім жоқ.