Өскеменде Үлбі өзеніне батып кеткен екінші адамның денесі табылды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласында Үлбі өзеніне батып кеткен екінші ер адамның мәйіті табылды.

суға кетті
Фото: ШҚО ТЖД

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 3 мамыр күні Согра шағын ауданындағы Үлбі өзеніне барып, шомылған екі жігіт суға батып кеткен.

Бір адамның мәйіті сол күні табылды. Ал екіншісінің денесін іздеу жұмыстары бірнеше күнге созылды.

- Оның мәйіті оқиға орнынан екі шақырым жердегі Степное ауылының маңындағы таяз судан табылды. Іздеу жұмыстары күн сайын, соның ішінде дрондарды пайдалану арқылы жүргізілді, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, суға кеткен азаматтың екеуі де 23 жаста болған.

Еске салсақ, осыған дейін Өскеменде екі адам Үлбі өзеніне батып кеткені хабарланған.