Өскеменде «Үлбі-Кешен» ЖШС-нің кәсіпорнында аммиак төгілді

АСТАНА. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат - Өскеменде «Үлбі-Кешен» ЖШС-нің кәсіпорнында аммиак төгіліп, 3 адам қауіпсіз жерге әкетілді, деп хабарлады Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен.

 Өскеменде  «Үлбі-Кешен»  ЖШС-нің  кәсіпорнында аммиак  төгілді

Ведомствоның ақпараты бойынша, сәрсенбі күні «Үлбі-Кешен» серіктестігінің кәсіпорнында өнеркәсіптік тоңазытқышқа аммиак айдайтын құбырда ұзындығы 1 см жарықтың пайда болуы салдарынан ауданы 600 шаршыметрді алып жатқан бокстан 15-20 литр аммиак төгілген.

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп нақтылады министрліктен.

Қазір бұл құбырмен аммиак айдау тоқтатылды. Оқиға орнынан 3 адам қауіпсіз жерге әкетілді, алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар үйлеріне қайтарылды. Бокста газсыздандыру жұмыстары жүргізілді.