Өскеменде волейболдан 2010 жылғы Әлем чемпионатының біліктілік турнирінің 2-ші кезең ойындары өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Өскеменде волейболдан әйелдер арасында 2010 жылғы Әлем чемпионатының біліктілік турнирінің 2-ші кезең ойындары өтіп жатыр,

Өскеменде волейболдан 2010 жылғы Әлем чемпионатының  біліктілік турнирінің 2-ші кезең ойындары өтіп жатыр
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Волейбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жарыстың алғашқы күні Өзбекстан құрамасы Жаңа Зеландия командасын 3:0 есебімен (25:20, 25:17, 25:19) ұтты. 1 сағат 7 минутқа созылған бұл кездесуде ең нәтижелі ойыншылар Одина Назарова (Өзбекстан) мен Хьюнанс Линдсей (Жаңа Зеландия) болды. Қазір Одинаның еншісінде 15, ал Хьюнанста 11 ұпай бар. Жаңазеландиялықтар бүгін кешке екінші кездесуін Нелли Щербакова жаттықтыратын Қазақстан құрамасымен өткізеді. Жалпы В тобындағы командалардың екінші кезеңдегі соңғы ойыны маусымның 18-і күні Қазақстан мен Өзбекстан волейболшылары арасында өтпек.