Өскеменде волейболдан әйелдер командалары арасында екінші тур ойындары басталады

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Бүгін Өскемен қаласында волейболдан әйелдердің ұлттық лига командалары арасында Қазақстан чемпионаты екінші турының ойындары басталады.

Волейбол
Фото: «Жетісу» клубы

Турнир кестесінде алаң иелері – «Берел» мен «Жетісу» (Талдықорған) 19 ұпаймен көш бастаса, «Қуаныш» (СҚО) пен «Қарағанды» (15 ұпай) үшінші-төртінші орындарды бөлісіп жатыр.

Сәрсенбі күні «Жетісу» - «Ару-Астана», «Қуаныш» - «Алматы», «Ертіс» - «Грация KZ», «Тұран» (Түркістан) - «Ақтөбе», «Берел» - «Қарағанды» командалары өзара сынға түседі.

Биылғы кубок және суперкубок иегері «Жетісу» алдағы сенбіден бастап өзінің тікелей қарсыластары – «Қуаныш», «Берел» және ел чемпионы «Тұранмен» ойнайды. Ал биыл Азия клубтық чемпионатында төртінші орынға табан тіреген «Қуаныш» 10-11 желтоқсан күндері «Берел» және «Тұранмен» шеберлік байқасады.

Екінші тур ойындары 11 желтоқсанда мәресіне жетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Өскеменде волейболдан ел чемпионаты бірінші турының ойындары аяқталғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар