Өскеменде волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында ХХ Қазақстан чемпионатының жалауы көтеріледі

АЛМАТЫ. 18 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Өскеменде 21-28 қараша күндері волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында ХХ Қазақстан чемпионатының 1-тур ойындары өтеді. Оған Алматы облысының «Жетісу», Павлодар облсының «Ертіс-Қазхром»,
None
None

Астана қаласының «Астана», Қарағанды облысының «Қарағанды», Алматы қаласының «Алматы», Теміртау қаласының «Металлург АМТ» мен Өскемен қаласының «Шығыс-қорғасынҚұрылыс» командалары қатысады. Айналым жүйесі бойынша 6 турға созылатын ел біріншілігі биыл қарағандылықтар мен теміртаулықтардың ойынымен басталғалы отыр. Одан кейін ойын көрігін Астана мен Алматы, Павлодар мен Өскемен спортшылары қыздырмақ. Ал келесі күні ел чемпионы саналатын жетісулықтар күміс жүлдегер атанған павлодарлықтармен шеберлік байқасады.

Соңғы жаңалықтар