Өскеменде зейнеткер 7 жасар немересін өлтірді деген күдікпен ұсталды

көші-қон қызметі
Фото: Мұхтар Холдорбеков / Кazinform

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласында зейнеткер 7 жасар немересін өлтірді деген күдікпен ұсталды.

Бейресми мәліметке сүйенсек, ер адам немересіне бірнеше рет пышақ сұққан. Ауыр жараланған 7 жасар бала сол жерде көз жұмған. 

Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті оқиғаның болғанын растап, күдіктінің ұсталғанын жеткізді. 

«Кәмелетке толмаған баланы өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Айғақты заттар алынып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Барлық мән-жай анықталуда», - деді департаменттің баспасөз хатшысы Татьяна Карпова. 

Оның айтуынша, өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілуге жатпайды.

Соңғы жаңалықтар