Өскеменде жаңа Жылу электр орталығы салына ма

АСТАНА. ҚазАқпарат – Премьер-Министр Әлихан Смайылов Сенат депутаттарының Өскеменде Жаңа жылу электр орталығын салуға қатысты сауалына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өскеменде жаңа Жылу электр орталығы салына ма

«Қазіргі уақытта Өскемен қаласында жаңа Жылу электр орталығын салуға қатысты мәселе қарастырылып отырған жоқ. Дегенмен, Энергетика министрлігі «Өскемен Жылу электр орталығы» ЖШС-мен «Жаңа қазан агрегат салу және тозығы жеткен құбыр агреатты ауыстыру» жобасын жүзеге асыру бойынша инвестициялық келісімшарт жасасқан. Құрылыс мерзімін аяқтау 2025 жылдың желтоқсанына жоспарланып отыр. Жобаны жүзеге асыру кезінде қоршаған ортаға зиянды заттардың шығарындыларын төмендету үшін заманауи технология қолданылатын болады», - деді Әлихан Смайылов жауабында.