Өскеменде жарылыс дыбыстары кезінде тұрғындарды дүрлікпеуге шақырды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Бүгін Өскеменде сол жағалау шағын ауданында жарылыс жұмыстары жүргізіледі. ТЖД тұрғындарды алаңдамауға шақырған хабарлама таратты. Жарылыс жұмыстары қаланың 19 шағын ауданында сағат 12-ден 17-ге дейін жүргізіледі.
Жарылыс жұмыстары құрылыс қажеттілігіне байланысты жүргізілуде. Топырақтың жіңішке қабатында қатты тау жыныстары жыныстар бар. Сол жағалауда тұрғын үйлер көптеп салынуда. Соған сай ол жерлерге жол салынып, түрлі инженерлік коммуникациялық желілер т.б. тартылуда.
Халыққа ескерту жасау - қауіпсіздік мақсатында мердігерлерге қойылған міндетті талап. Барлық қауіпсіздік талаптарын орындап, дүрлігуге жол бермеу қажет.