Өскеменде жасөспірімдер автобус ақысын жеңілдікпен төлейді

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласында 15-18 жас аралығындағы жасөспірімдер автобус ақысын жеңілдікпен төлейді.

автобус
Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Өскеменде автобус ақысы – 90 теңге. Бұрын 15 жасқа дейінгі балалар 45 теңге төлейтін. Енді 15-18 жас аралығындағы жасөспірімдерге де жеңілдетілген тариф енгізілді. Бұл мақсатта жергілікті бюджеттен қаражат бөлінген.

«Осындай жеңілдік автобустар мен трамвайларда жасалды. Ол үшін жасөспірімдерге арнайы карта алу керек. Картаны алу үшін өтініш жазып, жеке басын куәландыратын құжатты немесе туу туралы куәлікті, оқу орнынан анықтаманы және 3х4 немесе 4х5 фотосуретін өткізу қажет», - деді ШҚО Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Айжан Рахымбаева.

Қажетті анықтамалар eGov порталында және eGov мобильді қосымшасында қолжетімді. Ал өтінішті Жібек жолы көшесі, 3 мекенжайына келіп жазу керек.

Соңғы жаңалықтар