Өскеменде жастар арасында шахматтан Қазақстан чемпионаты өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл 16-26 наурыз аралығында Өскемен қаласында 20 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында шахматтан Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның Шахмат федерациясына сілтеме жасап.

Өскеменде жастар арасында шахматтан Қазақстан чемпионаты өтеді

Жас шахматшылар 17-23 наурыз аралығында классикалық шахмат, 24-25 наурыз күндері рапид, ал 26 наурызда блиц бойынша бақ сынайды.

Турнирге 20 жасқа дейінгілер арасында 2018 жылғы Қазақстан чемпиондары, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың 2019 жылғы чемпиондары, сондай-ақ 2019 жылғы 1 ақпандағы мәлімет бойынша ЭЛО халықаралық рейтингінде кем дегенде 2000 ұпайға ие шахматшылар қатысады.

Турнирдің жүлде қоры - 600 мың теңге.

Айта кетейік, классикалық шахмат бойынша жеңімпаз атанғандар республикалық чемпионаттың финалына және 20 жасқа дейінгілер арасындағы жеке Әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігін алады. Ал екінші орынмен шектелгендерге жеке Азия чемпионатына жолдама беріледі.