Өскеменде жаяу жүргіншілер өткелінде 62 жастағы зейнеткерді көлік қағып кетті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 62 жастағы зейнеткерді көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 22 қыркүйекте сағат 15:00 шамасында Назарбаев даңғылында болған.

«ВАЗ» маркалы автокөлікті тізгіндеп келе жатқан ер адам жаяу жүргіншілер өткелінде 62 жастағы зейнеткерді қағып кеткен. Осының салдарынан дене жарақатын алған азаматша медициналық мекемеге жеткізілді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 1 -бөлігіне (абайсызда денсаулыққа орташа зиян келтірген жол қозғалысы ережелерін бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар
telegram