Өскеменде жеке тұрғын үйден өрт шықты

АСТАНА. KAZINFORM — ШҚО өрт сөндірушілері жалынды сөндірді.

Өрт
Фото: ШҚО ТЖД

«Бүгін Өскеменде жеке тұрғын үйдің бірінде өрт орын алды. Құтқарушылардың жедел іс-қимылының арқасында өрт 35 шаршы метр алаңда сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда», — деп жазды ТЖД баспасөз қызметі.

Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарлаңыз.

Соңғы жаңалықтар