Өскеменде жылу қашан өшеді

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласында биыл жылыту маусымының кезең-кезеңімен аяқталуы әдеттегіден ертерек басталуы мүмкін.

Жылу энергетикасы
Фото: Kazinform

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, жылудың өшірілетін нақты күні ауа райы жағдайына байланысты. Әзірге 14-21 сәуір аралығына жоспарланып отыр. 

- Ауа температурасы тұрақты түрде жылы болған кезде нормативтік құжаттарға сәйкес жылу өшіріледі. Бірінші кезекте әлеуметтік инфрақұрылымдарға қатысы жоқ нысандарға жылу беру тоқтатылады, - делінген ақпаратта. 

Ал өскемендіктер әлеуметтік желіде үйлерінің тым ысып кеткендігін жазып жатыр. 

- Үйде дем алу мүмкін емес. Терезелерді ашып қойсақ та пайда жоқ, - деп жазады әлеуметтік желі қолданушылары.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері өңірде ауа температурасы +26 градусқа дейін көтеріледі деп күтіліп отыр.

Еске салсақ, Өскеменде пойыз бен автобус соқтығыса жаздағанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар