Өскеменде жоғалып кеткен 32 жастағы ер адам іздестірілуде

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында үйден шығып кетіп, сол күйі қайтып оралмаған ер адам іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өскеменде жоғалып кеткен 32 жастағы ер адам іздестірілуде

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 1989 жылғы Диас Қапезов 9 наурызда із-түссіз жоғалып кеткен.

«Ер адам 23-ші шағын аудандағы үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, сол күйі хабар-ошарсыз. Диастың шашы қысқа, ақ түсті. Сол қолының білезігінде «Д» әрпі түріндегі татуировка бар. Жоғалған күні үстіне капюшоны бар қара күртеше және қыстық кепке киген», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Іздестіру шараларына еріктілер де жұмылдырылған. Осы ретте, полицейлер ер адамның қайда екендігі туралы қандай да бір мәліметі барларға 8(771)-466-54-38 нөміріне немесе «102» арнасына хабарласуға шақырды.