Өскеменде жоғалып кеткен мектеп оқушысы ұрлау туралы оқиғаны ойдан шығарған

АСТАНА. ҚазАқпарат - 15 жастағы Наталья Угольникова үлкендерден қорқып, полицияға ұрлау туралы оқиғаны ойдан шығарғанын мойындады, деп хабарлайды YK-news.kz.
None
None

19 желтоқсан күні жасөспірім қыз мектепке барамын деп үйден шығып кеткен және сол күйі оралмаған. Кеше оны полиция қызметкерлері іздеп тапты. Наташа полицияға өзін ұрлап кеткенін және әуежай ауданында белгісіз адамдар ұстап отырғанын айтқан. Біраз уақыттан соң, оқушының үлкендерден қорыққандықтан, ұрлау туралы оқиғаны ойдан шығарғаны анықталды.

Наташаның туыстары шын мәнінде оны ешкімнің ұрламағанын айтты. Қыздың екі тәулік үйде болмауының себебі анықталып жатыр. Натальяның туыстары полицияға қыздың бірнеше рет үйден кетіп қалғанын айтқан. Алаңдаған туыстары полицияға хабар берместен бұрын қызды өздері іздеп табуға тырысқан. Барлық достарына хабарласса да, нәтиже шықпаған. Сонымен бірге, олар жақында қыздың ғаламтордағы парақшасы өшіріліп, жаңа аккаунт ашылғанын хабарлаған. 

Соңғы жаңалықтар