Өскемендегі экологиялық бюро ресми түрде жұмысын бастады

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласындағы экологиялық қорғау бюросы ресми түрде өз жұмысын бастады.

Өскемендегі экологиялық бюро ресми түрде жұмысын бастады
Фото: freepik.com

Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының жанынан «Өскемен тынысы» экологиялық қорғау бюросы құрылған. Бүгін осыған қатысты жоба облыс әкіміне таныстырылып, бюро ресми түрде жұмысына кірісті.

- Бұған дейін жай қоғамдық ұйым болмай, нақты жұмыстарды қолға алатын ұжымға айналу үшін не істеу керектігі ойластырылған болатын. Қалалық мәслихат бізге қолайлы нұсқаларды ұсынған жоқ. Заң бойынша мәслихаттарда тұрақты комиссиялар, басқа да органдар құрылуы мүмкін, бірақ біз депутат болмағандықтан қалай істейтінімізді білмедік. Оның үстіне дәл осындай ұйым құрғандар да бұрын болмаған. Мәселені ШҚО әкімдігіне айтқан соң облыстық мәслихат бізге қолдау көрсетті, - дейді жоба жетекшісі Елена Березинская-Абилова.

Ұйымның мақсаты - Өскемендегі ауа сапасын жақсартуға ықпал ету және аймақтағы кәсіпорындарға салынған экологиялық айыппұлдардан түскен қаражатты бөлу бойынша ұсыныстар енгізу.

Еске салсақ, осыған дейін Өскеменде экология мәселесін шешу үшін арнайы бюро құрылып, бақылау күшейтілетіндігі хабарланған. 

Соңғы жаңалықтар