Өскемендегі ықшамаудан халқы 30 жыл бойы жарық пен сусыз келе жатыр

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемендегі 25-ші ықшамаудан тұрғындары 30 жыл бойы өркениеттен құр алақан қалып келеді. Олар үшін электр қуаты, сумен жабдықтау, ұялы байланыс және интернет әлі күнге дейін қолжетімді емес.

Усть-Каменогорск
Фото: Нелли Нигматуллина

Ауданды сумен қамтамасыз ету жобасы осыдан 3 жыл бұрын аяқталуы керек еді. Іс жүзінде 2 млрд теңге жұмсалып, барлық жұмыс атқарылды. Тек абоненттерді қосу мүмкін болмай шықты. Таулы жердегі су насоссыз үйлерге жетпеді.

Усть-Каменогорск
Фото: Нелли Нигматуллина

2021 жылы ауданға электр қуатын тарту жұмыстары басталды. Бірақ мердігер - электр қосалқы станцияларын шығаратын «Кэмонт» АҚ 2023 жылы жылы аяқталуы тиіс жұмысты созбалаңға салып жіберді.

Қалалық құрылыс бөлімі мердігерді сотқа берді. Компания қайта құрылымдау жасап, басшылықты ауыстырды. Нәтижесінде сот отырысында шенеуніктер мен компания өкілдері бітімгерлік келісімге келді. Енді бірінші кезекте халықты тез арада электр қуатымен қамтамасыз ету керек.

Усть-Каменогорск
Фото: Нелли Нигматуллина

- Қазір келісімшартты бұзатын болсақ ол белгілі бір уақытты алады. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтау бағасын қайта есептеу қажет болады. Ал 3 жылдың ішінде баға өсіп кетті. Бұл жоба құнының қымбаттауына әкелуі мүмкін. Бізге конкурстық рәсімдерді қайта өткізуге тура келеді. Соның салдарынан жоба 2026 жылға дейін созылуы мүмкін, ал ықшамаудан тұрғындары үшін бұл өте қолайсыз, - дейді Өскемен қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары Әлішер Бекен.

Мердігерлердің өздері де жұмысты жалғастыруға ниетті. Жаңа басшылық мерзімдердің ұзартылу себептерін бұрынғы басқарудың нашарлығы деп түсіндірді. Бірақ басты кедергі - санкциялар болған. Қосалқы станцияларға еуропалық жабдықтарды Ресей арқылы жеткізу мүмкін болмай қалды.

Усть-Каменогорск
Фото: Нелли Нигматуллина

- Қазір логистика мүлдем басқа. Еуропалық электр жабдықтарын өндірушілердің кеңсесі Алматыда орналасқан. Олар Германияға өтініш жібереді. Бірақ зауыттардың өзі Қытайда орналасқан, Германиядан тапсырыстар сол жерге түседі. Ол бізге емес, теңіздің арғы жағынан Германияға қайтып келеді. Содан кейін ғана Еуропадан Қазақстанға кетеді. Сондықтан кем дегенде 160 күн күту керек. Енді күту уақытын қысқарту үшін басқа жеткізушілерді таптық, - дейді мердігер компанияның директорлар кеңесінің жаңа төрағасы Болат Сыптаев.

Усть-Каменогорск
Фото: Нелли Нигматуллина

Айта кету керек, ықшамауданда электрлендіру бойынша барлық құрылыс жұмысы аяқталып, бағаналар қойылған. 40 қосалқы станцияның іргетасы түгел қаланды. Зауыт қазір 3 қосалқы станция жасап жатыр, ал желтоқсанға дейін тағы 7 станция салынады.

Еске салсақ, осыған дейін өскемендіктердің № 1 емхананың жағдайына шағымданғаны хабарланған.

Усть-Каменогорск
Фото: Нелли Нигматуллина

 

 

Соңғы жаңалықтар