Өскемендегі кәсіпорындардың бірінде жарылыс болды

АСТАНА. KAZINFORM — Өскемен қаласында орналасқан кәсіпорын аумағында апат болды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Өскемендегі кәсіпорындардың бірінде жарылыс болды
Фото: Видеодан скрин

Ведомство дерегіне сәйкес, шаң сүзу цехындағы құрылғыда газ бен ауа қоспасы жарылып, соның салдарынан өрт шығып, ғимараттың бір бөлігі опырылған. Әлеуметтік желіде жарылыстың видеосы таралып жатыр.

— Оқиға орнына Төтенше жағдайлар қызметі келіп, жұмыс істеп жатыр. Оперативтік штаб құрылды. Қазір мамандар зардап шеккендердің бар-жоғын тексеріп жатыр, — делінген хабарламада.

Бұдан бұрын Өскемен әуежайы жоғары баға үшін жауапкершілікке тартылғанын жаздық.