Өскемендегі кәсіпорындарға қолайсыз метеожағдайда жұмыс істеуге тыйым салына ма

АСТАНА. KAZINFORM – Өскемендегі жер үйлердің бір бөлігі орталықтандырылған жылу желісіне жалғанады. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Үкімет отырысында айтты.

Өскемендегі кәсіпорындарға қолайсыз метеожағдайда жұмыс істеуге тыйым салына ма
Фото: Kazinform

- Үлбі металлуригиялық зауытымен, «Қазцинкпен», Өскемен және Согра жылу-электр орталықтарымен қолайсыз метерологиялық жағдай туындаған жағдайда өзара үндесіп әрекет ету туралы меморандум бекіттік. Экология департамент табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен бірге, қоғам өкілдерінің қатысуымен облыстық мәслихатқа қолайсыз метеожағдай қалыптасқан жағдайда бірқатар кәсіпорынның жұмысына тыйым салу туралы ұсыныс енгізген болатын. Мәслихат осы мәселені қарайды, - деді облыс әкімі.

Ермек Көшербаев қаланың ауасын көлік пен жер үйлер де қатты ластап жатқанын айтты. Әкімдік әсіресе түрлі сападағы көмір жағатын үйлердің мұржасынан шығатын түтінге алаңдап отырған көрінеді.

- Осы мәселені шешу үшін қаладағы жер үйлердің бір бөлігін орталықтандырылған жылу желісіне жалғауды жоспарлап отырмыз. Алдағы үш жылда осы бағытта жұмыс істейміз, - деді әкім.

Еске салсақ, Өскемен қаласында тұрғын аудандарда көлігін 5 минуттан артық қыздырған 3 адамға айыппұл салынған болатын.

Соңғы жаңалықтар