Өскемендегі көпірдің астынан ер адамның мәйіті табылды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласындағы Үлбі көпірінің астынан ер адамның мәйіті табылды.

Өскемендегі көпірдің астынан ер адамның мәйіті табылды
Фото: freepik.com

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшыларына қаладағы Б.Александров атындағы спорт сарайының маңындағы көпірдің астында адам мәйіті жатқандығы туралы хабар түсті.

- Оқиға орнына полицейлер шұғыл келіп жетті. Үлбі көпірінің астынан ер адам мәйіті табылды. Марқұмның кім екендігі анықталды. Алдын ала дерек бойынша оның денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Ер адамның өліміне нақты не себеп болғаны сараптама жұмыстарынан кейін белгілі болмақ.

Еске салсақ, бұған дейін Павлодарда екі күн бұрын жоғалып кеткен кәсіпкердің мәйіті табылғаны хабарланған.