Өскемендегі көпірдің бір бөлігі желтоқсанға дейін жабылады

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласындағы көпірлердің бірі желтоқсан айына дейін жартылай жабылады.

Өскемен
Фото: yandex.kz

Қаладағы Понтон көпірінде көлік қозғалысы жартылай жабылады. Оған себеп — жөндеу жұмыстары. Көпірдің бір бөлігімен көліктер келесі аптадан бастап жүре алмайды. Бұл туралы Өскемен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінен мәлім етті. 

«Тоғас көшесіндегі көпір астындағы қысым коллекторын ауыстыру жұмыстарына байланысты көпірдің бір жағы көлік қозғалысы үшін жабылады. Көліктер көпірдің екінші бөлігінде екі бағытта да жүретін болады», - делінген ақпаратта.

Жөндеу жұмыстары желтоқсанның ортасына дейін созылмақ.

Еске салсақ, осыған дейін Өскеменнің сол жағалауындағы үйлер қайта-қайта жарықсыз қалып отырғаны хабарланған.