Өскемендегі студенттер жатақханасынан өрт шықты
АСТАНА. KAZINFORM — Өскемен қаласындағы 30-шы Гвардиялық дивизия көшесінде орналасқан студенттер жатақханасының тоғызыншы қабатындағы бөлмеде өрт тұтанған, деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Жатақхана әкімшілігі тұрғындарды жедел эвакуациялауды ұйымдастырды.
Оқиға орнына жеткен ТЖМ қызметкерлері жедел түрде өртті сөндіруге кірісті. Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің таралуына жол берілмей, 16 шаршы метр аумақтағы өрт толық сөндірілді.
— Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, — делінген хабарламада.
Бұған дейін Ұлытау облысында жеке үйдің ауласындағы 100 бума шөп өртеніп кеткенін жазған болатынбыз.