Өскемендегі 3 мың дүкеннің тек 30-ында ғана баға бақыланған

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Қаладағы үйлер маңында орналасқан 3 мың дүкеннің 30-ында ғана әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасы бақыланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысының басшысы Даниал Ахметов бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша жиналыс өткізіп, Семей мен Өскеменнің әкімдеріне ескерту жасады.

«Экономикалық көрсеткіштерде жалпы өсім байқалады. Бүгінде облыс барлық көрсеткіштер бойынша республикада үздік бестікке еніп отыр. Бірақ, үнемі бақылауды қажет ететін бірқатар мәселе бар. Оның бірі – баға мәселесі. Осы ретте, Семей мен Өскемен әкімдеріне ескерту жасадым. Онда үй жанындағы дүкендерді тексеру бойынша жұмыс дұрыс жүргізілмеген. Өскеменде 3 мың дүкеннің тек 30-ы тексерілген», - деді Даниал Ахметов.

Аймақ басшысы әкімдер қалалық және облыстық мәслихат депутаттарымен бірге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын бақылауда ұстауы тиістігін баса айтты.

Еске салсақ, Өскемен кәсіпкерлеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің шекті бағасы ұсынылған болатын.



Соңғы жаңалықтар